Тұрақты даму

Денсаулық

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, өндірістік міндеттерін орындай отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын берік ұстанады. Компания өз қызметкерлерінің денсаулығына ерекше назар аударады. Қызметкерлердің әлеуметтік пакетіне толық медициналық сақтандыру, сондай-ақ санаторлық-курорттық емделу кіреді.

Кеніштерде денсаулық сақтау пунктері бар, олар тәулік бойы жұмыс істейді, ондағы медициналық персонал кәсіпорын қызметкерлерін күн сайын ауысым алдында қарайды.   

Кеніште жұмыс істейтін және вахталық кенттерде тұратын қызметкерлерге сапалы медициналық қызмет көрсету үшін компания уран өндіруші өңірлерде 8 медициналық-санитарлық орынды қайта жаңғыртты. Осы  ауруханалар мен емханаларда істеп жатқан жоғары білікті дәрігерлер кешенді медициналық қызметті тек кәсіпорын қызметкерлеріне ғана емес, жергілікті халыққа да көрсетіп отыр. Сонымен қатар медициналық-санитарлық бөлімдер жыл сайын барлық қызметкерлерге міндетті профилактикалық қарау өткізеді. Бұл ауруды бастапқы кезеңінде айқындап, пациентті тіркеуге қойып, қажетті емделу курсын белгілеуге мүмкіндік береді.  

Денсаулық сақтау мекемелері заманауи құралдармен жабдықталған және педиатрия, зертханалық-диагностикалық, хирургия, акушерлік-гинекологиялық, стоматология, неврология, т.б. сияқты негізгі бөлімшелерге ие.  

Бұдан басқа, Қоғамның компаниялары тобының қызметкерлерін медициналық сақтандыруға жыл сайын 600 млн теңге бөлінеді.

Пікір қалдыру