Біз туралы

Бағдарлама туралы

 

Цифрлық трансформация бағдарламасы тұрақты өзгерістер үшін тиімді инфрақұрылым құруға, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның құны мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.Бағдарлама 2015 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ белгілеген қағидаттарды іске асыру мақсатында басталды. Бастапқыда Бағдарлама «Самұрық-Қазына» моделінің негізінде бизнес-процестерді стандарттауға және біріздендіруге баса назар аударды.

Жобалар қоржынын іске асыру барысында 2017-2019 жылдары қызметтің әр түрлі функционалдық бағыттары бойынша мақсатты бизнес-процестерді бейімдеу және енгізуге қатысты ауқымды жұмыстар: өндіріс, жөндеу, сатып алулар, қаржы, басқарушылық есеп, адам ресурстарын басқару, тәуекелдерді басқару, ақпараттық қауіпсіздік, деректерді басқару, стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау, тиімділікті басқару, орта мерзімді жоспарлау және ақпараттық технологияларды басқару жүргізілді.

 

 

Цифрлық трансформация қоржынына Қазатомөнеркәсіп пен оның ЕТҰ-ның негізгі бизнес-міндеттерін шешуге бағытталған бірқатар жобалар мен іс-шаралар кіреді. Сондай-ақ, іске асыру ауқымынан Қор компаниялары тобында кумулятивтік әсерге қол жеткізуге бағытталған синергетикалық сипаттағы жобалар мен іс-шаралар бар.

 

Стратегия туралы

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2019-2028 жылдарға арналған цифрландыру стратегиясы бизнестің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі цифрлық және ақпараттық технологиялардың рөлін айқындайды.

Цифрландырудың маңызды аспектілерінің бірі – Қазатомөнеркәсіптің жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Цифрландыру стратегиясы бизнес пен АТ элементтерін біріктіруге қабілетті. Бизнес стратегиясы мен АТ стратегиясы АТ қолдайтын бизнестің барлық аспектілерін қамтуына қарай олар Цифрландыру стратегиясына біріктіріледі.

 

Трансформация жетістіктері

Компанияның процестері қайта қаралып, өндірістен бастап сатуға дейінгі 14 мақсатты модель енгізілді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 9 кәсіпорнында операциялық қызмет процестерін есепке алу үшін бірыңғай ашық жүйе – SAP ERP пайдаланылады. SAP ERP зияткерлік платформасы негізіндегі жоба жыл сайынғы SAP Value Award сыйлығының лауреаты атанды.

«РУ - 6» ЖШС пилоттық кәсіпорнында блоктар мен ұңғымалар бөлінісінде өндіруді жедел есепке алу және жоспарлау мәселелерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін тау-кен геологиялық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.

еKAP ақпараттық жүйесі құрылып, оның негізінде ішкі үдеріс міндеттерінің пулы автоматтандырылды. еKAP-та идеяларды ұсынуға арналған алаң – Компанияның кез келген қызметкері толықтыра алатын Идеялар банкі ашылған. Әрбір келіп түсетін идея сараланып, мұқият қаралады, қабылданған жағдайда іске асырылатын болады.

Барлық еншілес кәсіпорындардан алынатын жоспарлау жөніндегі деректерді өңдеуді барынша автоматтандыруға және орта мерзімді жоспарлаудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін біріктірілген жоспарлау жүйесін енгізу аяқталды.

Технологиялық бұрғылау кезеңінде өндірістік деректерді цифрландыру мақсатында өндіруші ЕТҰ-ға арналған ашық шешімдер базасында BI-талдау құралдары әзірленді.

Екі өндіруші ЕТҰ-дағы ортадан тепкіш сорғы агрегаттарының техникалық жай-күйіне мониторинг және талдау жүйесі енгізілді.

Машиналық оқыту мен геостатистика алгоритмдерін қолдана отырып, кенді денелер контурын модельдеу құралы қолданылады.

Пікір қалдыру