«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) басқару органы - Директорлар кеңесі. Ол Қоғам қызметіне жалпы басшылық жасайды. Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдері Қоғам Жарғысында (Жарғысында жасалған өзгерістермен), Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінде және Директорлар кеңесі туралы ережесінде көрсетілген тәртіпте қабылданады. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі бiр мезгiлде төрттен артық заңды тұлғаның директорлар кеңесіне мүше бола алмайды, сонымен қатар екіден артық директорлар кеңесіне төраға бола алмайды.
Нил Лонгфэллоу 1958 жылы дүниеге келген. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның азаматы.
Лонгфэллоу мырза инженер-электрик, Ядролық Институттың мүшесі және Өлшеу және бақылау институтының мүшесі.
Ол еңбек жолын Ұлыбританияда электротехника саласында бастаған.
1991 жылы British Nuclear Fuels Limited компаниясына қосылып, Батыс Камбриядағы Sellafield ядролық отынды қайта өңдеу зауытына жетекшілік етті. 2007 жылы басқарушы директор орынбасары болып тағайындалды.
2009 жылы Нил Лонгфэллоу Westinghouse Electric компаниясына қосылып, Springfields Fuels Limited басқарушы директоры және Еуропалық отын бизнесінің вице-президенті лауазымдарын атқарды.
2013 жылы Лонгфэллоу мырза Costain PLC қосылып, Ұлыбританияда ядролық, мұнай-газ секторындағы ірі жобаларды іске асыратын директор болды.
2015 жылдан бастап Лонгфэллоу халықаралық атом өнеркәсібі секторында тәуелсіз консалтинг қызметін көрсетеді.
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережесінің Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптарына сәйкес келеді.
Расселл Бэнхам 1954 жылы дүниеге келген. Австралия азаматы.
Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің коммерция бойынша бакалавр дәрежесіне ие. Ол Австралия мен Жаңа Зеландияның Дипломды бухгалтерлер институтының мүшесі және Австралия директорлар институтының түлегі.
Еңбек жолын 1974 жылы Австралияның Andersen компаниясында аудитор ретінде бастады. Ол жерде 2002 жылға дейін жұмыс істеп, Аудиторлық серіктес дәрежесіне дейін жетті. 2002 - 2007 жылдары Австралияның Брисбен қаласындағы Ernst and Young компаниясында кеңесші қызмет бөлімінің бастығы. 2007 жылы Бэнхам мырза Deloitte CIS аудит қызметінің басшысы және Алматы қаласындағы «Deloitte CIS» атқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
2011 - 2014 жылдары аралығында Мәскеудегі Deloitte CIS компаниясының «Энергетика және ресурстар» бөлімінің меңгерушісі.
2014 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі әртүрлі компаниялардағы тәуелсіз директор.
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережесінің Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптарына сәйкес келеді.
Марк Кэшер 1970 жылы дүниеге келген. Америка Құрама Штаттарының азаматы болып табылады.
Кэшер мырзаның жеке капитал мен инвестицияларды басқару саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
1992 жылы Кэшер мырза Тафтс Университетін бітіріп, кеңестік зерттеу саласындағы бакалавр дәрежесін алды. 1997 жылы Джорджтаун университетінде бизнес әкімшілендіру саласындағы магистр дәрежесін алды.
Кэшер мырза өзінің мансабын 1997 жылы AIG Capital Partners компаниясында (атауы кейінірек PineBridge Investments деп өзгертілді) тікелей инвестициялар саласындағы кіші қызметкер ретінде бастады. 2010 жылдан 2015 жылға дейін Pinebridge Investments Russia, Ltd Басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2013 жылы Кэшер мырза Sapiens Advisors компаниясының негізін қалады.
2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Марк Кэшер Luxoft компаниясының тәуелсіз директоры болды, онда үш комитеттің Төрағасы лауазымын иеленді: аудит, M&A және өтемақы, ал 2018 жылдан бастап NIC компаниясында тәуелсіз директор болып қызмет етуде.
Қазіргі уақытта Кэшер мырза «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-ның тәуелсіз директоры болып табылады, оның негізгі міндеті активтердің баламалы сыныптарын инвестициялау болып табылады.
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес, тәуелсіз директордың өлшемшарттарына сәйкес келеді
Бейбіт Қарымсақов 1962 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Бейбіт Қарымсақов Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын Жамбыл автосервисінің инженері ретінде бастады.
Әр жылдары Бейбіт Қарымсақов «Тянь-Шань» кооперативінде есепші, сондай-ақ Кордай аудандық қаржы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2003-2015 жылдары Алматы қаласының салық органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды.
2015 жылдың тамызында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды.
Қазір «Самрұк-Қазына» АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры. 2018 жылғы сәуірден «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі..
Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Қазақ мемлекеттік университетінің механика (қолданбалы математика) бойынша ғылыми дәрежесі және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының экономика бойынша магистр дәрежесіне ие. Сондай-ақ Назарбаев Университетінде EMBA дәрежесін және Стэнфорд университетінде (Stanford Executive Program) магистр дәрежесін алған. Әр жылдары «Тассат» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Самұрық» АҚ және «KEGOC» АҚ басқарушы қызметтер атқарды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды.
2012 - 2018 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болды. Қазіргі уақытта Сәтқалиев мырза «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады. 2019 жылғы мамырдан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
Қанат Құдайберген 1979 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
«Халықаралық басқару» МВА, Geneva Business School және «Тау-кен ісі менеджменті» МВА, Мәскеу болат және қорытпалар институты ҒЗТУ дипломдары бар.
Қанат Құдайберген еңбек жолын 2001 жылы Жетісу көлік прокуратурасында прокурордың аға көмекшісі қызметінен бастады.
Кәсіби қызметі барысында түрлі лауазымдарды атқарды. 2007-2016 жылдар аралығында «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нда заң басқармасының жетекші маманы, Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы - бас менеджері, бас директордың орынбасары және бас директоры болды. 2016-2018 жылдары «Қаратау» ЖШС бас директоры болып қызмет атқарды.
2018 жылы - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Уран өндіру» дивизионының басқарушы директоры, қазір - «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы.
Ғалымжан Пірматов 1972 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы.
Ғалымжан Пірматов Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ), Willamette университеті жанындағы Аткинсон атындағы Жоғары менеджмент мектебін және INSEAD-та Көшбасшылықты дамыту бағдарламасын бітірген.
Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management инвестициялар жөніндегі директоры, Украинадағы AES компаниясының қаржы және коммерциялық директоры, «Халық Банкі» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры – басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2007-2009 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, 2009-2011 жылдары – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, Басқарма төрағасының орынбасары, 2011-2015 жылдары – Cameco Kazakhstan компаниясының президенті болды. 2015 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылғы тамыздан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы.
Қоса атқаратын жұмыс істемейді.
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет