Қоғамда және оның ЕТҰ-да ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметімен 486 қызметкер, оның ішінде 6 ғылым докторы және 76 ғылым кандидаты айналысады. Қоғамда ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институты («Жоғары технологиялар институты» ЖШС), сондай-ақ кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік бөлімшелері («Үлбі металлургия зауыты» АҚ ҒО, «Волковгеология» АҚ ОТӘЭ) бар.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Ғылыми-технологиялық жобалар департаменті ғылыми-техникалық қызметті жалпы үйлестіруді, зияткерлік меншікті басқару мен коммерцияландыруды жүзеге асырады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғылыми-технологиялық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ зияткерлік меншік объектілерін пайдалану құқығы үшін лицензиялық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізуде.
2020 жылы Зияткерлік меншік объектілеріне 18 қорғау құжаты алынды.
Компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ғылыми-технологиялық дамуын басқару» саясатын әзірледі, оған сәйкес ғылыми зерттеулерді мынадай басым бағыттар бойынша үш ғылыми орталық үйлестіреді:
2020 жылы ҒЗТКЖ-ның бірнеше ірі жобалары іске асырылды:
«Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-те оң технологиялық және экономикалық нәтижелер көрсеткен өнеркәсіптік сынақтар өткізілді.
Бұл ҒЗТКЖ-ның мақсаты – өнімнің «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарына тиесілігін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін микроэлементтік және радионуклидтік маркерлерді таңдау, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары өнімдерінің портреттер дерекқорын (кітапханасын) құру.
Бұл ҒЗТКЖ-ның мақсаты – ЖҰШ әдісімен өңдеуге жоспарланған уран кен орындарын іздеу және бағалау кезінде іздеу-бағалау және геологиялық барлау жұмыстары сатысында көп ұңғылы бұрғылауды енгізудің ғылыми-техникалық негіздемесі және қолдану мүмкіндігін айқындау.
Ғылыми зерттеулер үшін жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – экологиялық бағыт. Жұмыс өндірістің экологиялылығын арттыруға бағытталған бірнеше зерттеулер бойынша жүргізілді:
Бұл ҒЗТКЖ-ның мақсаты – «РКС01ИМ» жеке дозиметрі негізінде автоматты мониторинг жүйесін әзірлеу. Автоматты мониторинг жүйесі дегеніміз – персоналдың кәсіби бағытын, сондай-ақ персоналдың жұмыс орындарындағы радиациялық жағдайды ескере отырып, сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде алынған персоналдың жеке сәулелену дозалары туралы объективті ақпарат алу үшін персоналдың жеке сәулелену дозаларын бақылау және есепке алу жөніндегі ақпараттық кешен.
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет