Қызмет түрлері

Қазатомөнеркәсіп уран және оның қоспаларының, АЭС-қа арналған ядролық отынның, арнайы жабдық пен технологиялардың экспорты мен импорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы мәртебесіне ие. Бұл мәртебе компанияға Қазақстан Республикасының Үкіметімен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқықтарын алуды қамтитын артықшылықтарды пайдалануға, және сәйкесінше жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен өндіруді жүзеге асыруға жарамды жоғары сапалы табиғи уран кен орындарына қол жеткізуге басымдық береді.

Пікір қалдыру