Қызмет түрлері

Ядролық отын циклының (ЯОЦ) өнімдері

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ реакторға дейінгі ЯОЦ тізбегі бойынша, байыту, UO2 ұнтақтарын/отын таблеткаларын өндіруді қоса алғанда, өз қызметін кеңейтіп, жақын арада жылу бөлетін құрамалар шығара бастауды жоспарлап отыр.


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2013 жылғы қарашада «Уран байыту орталығы» АҚ қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорны арқылы уран байытатын ірі кәсіпорын «Урал электр химиялық комбинаты» АҚ-ның акционерлер құрамына кірді. Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданудағы осы ынтымақтастық компанияға уран байыту қызметіне рұқсат алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, конверсиялық өндіріс құру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ инновациялық технологияларды Қазақстанға жеткізу бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

40 жыл «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорыны «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ реконверсиялау және отын таблеткалар өндіру бойынша қызметтер көрсетіп келеді.

40 жылға жуық уақыттан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорыны «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ реконверсия және уран қос тотығынан жеңіл сулы реакторларға арналған отын таблеткаларын өндіру қызметін көрсетіп келеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және CGNPC Қытай ядролық-энергетикалық корпорациясы бірлесіп, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ негізінде Қытай атом электр станцияларында ядролық отын күйінде қолдануға арналған жылу бөлгіш құрамалар өндіретін зауыт құрылысы жобасын жүзеге асыруда. Жылу бөлгіш құрамалар өндіру 2020 жылдың соңында басталады деп күтілуде.

Пікір қалдыру