Қызмет түрлері

Сирек металдар

Сирек металдар (СМ) және олардың қосындылары аспап жасау, машина жасау және металлургия, атом энергетикасы және медицина сияқты көлемді салаларда олардың қолданылуы күні ілгері белгіленетін бірегей кешенді физика-химиялық қасиетке ие.

Тантал, ниобий және бериллий өндірісі Үлбі металлургиялық зауыты негізінде ұйымдастырылған және әлемдегі ірі өндірістердің бірі болып табылады.

Тантал-ниобий өндірісі

Тантал-ниобий өндірісі  Үлбі металлургиялық зауытында ұйымдастырылған.

Ол  ТМД аумағындағы жалғыз және әлемде тантал-ниобий қосылған шикізатты  қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар  аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Әлемдік тантал нарығындағы ТӨ үлесі 12% құрайды. Өнімдердің негізгісі болып тантал құймаметалдары мен ұсақ тіліктер үшін металл табылады.

Алғашқыда тантал қызу шамы үшін сымды дайындау үшін қолданылды. Дегенмен өзінің бірегей қасиеттілігінің арқасында: иілгіштік, мықтылық, тоттануға беріктік, тығыз қорытылу, жоғары коэффициентті жылу бергіштік, организмнің тірі талшықтарымен «сиысу» қабілеттілігімен, металл электроника, химия, машина жасау, ядорлық энергетика, металлургя және медицинада қолданысын тапты.

12% Әлемдік тантал нарығындағы ТӨ үлесі құрайды.

Олардан химиялық өндіріс үшін тоттануға берік аппаратуралар, элетрондық шамдар саймандарын, жартылай өткізгіш құралдар үшін электрлік конденсаторлар, жасанды талшықтар өндірісінде фильерлер, зертханалық ыдыстар, металдар мен қоспаларды қорыту үшін тиглдер, жоғары температуралық пештерге қыздырғыштар, ядорлық-энергетикалық жүйе үшін жылу ауыстырғыштар дайындайды. Хирургияда осы металды сүйектерді, нервтер мен тігіс жасауды бекіту үшін пайдаланады.

Тантал өнімдері

  • Екі және үш дүркін  электрондық-сәулелік балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 3N2, 3N5, 3N7, 4N и 4N5 тантал құйма металдары

  • Ұсақ тіліктер;
  • Жазық және домалақ тантал илегі;
  • Конденсаторлық тантал ұнтақтары;
  • Конденсаторларға арналған материалдар;
  • TaY құймалары. TaY өнімдері;
  • TaW құймалары. TaW өнімдері;
  • Вакуумдық-доғалық балқыту әдісімен өндірілген, тазалығы 4N5 тантал құймаметалдары.

Бериллий өндірісі

Бериллий өндірісі Үлбі металлургиялық зауытында ұйымдастырылған.  Әлемдегі үш кәсіпорынның бірі, кен концентратын қайта өңдеуден сапалық параметрге бағыттап, дайын өнім түріне дейін шығаратын толық өндірістік циклі бар, бериллий мен оның негізіндегі лигатур бірінші бериллий өнімін әлемдегі ірі жеткізушісі.

Кәсіпорында  дайындалған технологиялық сызба, бериллий қосылған шикізаттың  қандай да болса түрін  қайта өңдеуге мүмкіндік жасайды.

Теңдессіз технологиялық жабдықтар кәсіпорынға бериллий мен оның құймаларының негізінен алынған бұйымдардың кең ассортиментін өндіруге мүмкіндік жасайды. Гидростатикалық және газостатикалық нығыздағыш қондырғылар  изотоптық қасиеті бар өнім алуды қамтамасыз етеді.

700-800°C Бериллий құймалары, алюминийден 1,5 есе жеңіл болғанымен, көптеген арнайы болаттардан мықты. Өзінің мықтылығын олар 700-800 градус Цельсия температурасына дейін сақтайды.

Бериллий негізіндегі конструкциялық материалдары бір мезгілде жеңілдікке,мықтылыққа, тоттануға беріктікке және жоғары температураға төзімділікке ие. Бериллий құймалары, алюминийден 1,5 есе жеңіл болғанымен, көптеген арнайы болаттардан мықты. Өзінің мықтылығын олар 700-800 градус Цельсия температурасына дейін сақтайды. Берриллий өндірістің әртүрлі салаларында: электроникада, машина жасау, мұнай және газ өндірістерінде, ядорлық энергетика, медицина, аэроғарыштық салаларында қолданады. Дегенмен, металдың жоғары сынғыштығы беррилийді конструкциялық метал ретінде қолдануға мүмкіндік бермейді.

Бериллий өнімдері:

  • металдық бериллий құймалары;
  • алюмо-бериллий лигатурасы;
  • мыс-бериллий лигатурасы;
  • никель-бериллий лигатурасы;
  • бериллий тотығы ұнтақтары;
  • бериллий тотығы бұйымдары;
  • металдық бериллий ұнтақтары;
  • металдық керамикалық бериллий – бұйымдар мен дайындамалар.
Пікір қалдыру