Тұрақты даму

Қазатомөнеркәсіп тұрақты дамуды өз қызметінің ажырамас бөлігі және акционерлік құнның орнықты өсуін қамтамасыз етудің, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың және экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді белсенді басқару есебінен барлық мүдделі тараптардың мүдделері үшін ұзақ мерзімді перспективада қосылған құнды құрудың негізгі факторларының бірі ретінде қарайды.

Тұрақты даму қағидаттары

Қазатомөнеркәсіп өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде жауапты және тұрақты даму қағидаттарын сақтауға және көрсетуге ұмтылады, сондай-ақ өз қызметінің түйінді аспектілеріне тұрақты дамудың мынадай қағидаттарын енгізу бойынша қадамдар жасайды:

 

Ашықтық
Есеп берушілік
Айқындық
Этикалық мінез-құлық
Құрмет
Заңдылық
Адам құқықтарын сақтау
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Мүдделер қақтығысына жол бермеу
Жеке өнеге

 

 

Пікір қалдыру