Тұрақты даму

Спорт, мәдениет, бос уақыт

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның әлеуметтік саясаттағы маңызды бағыттарының бірі - саламатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдай жасау, мәдени дамудың деңгейін көтеру, компания қызметкерлері, олардың отбасылары мен жергілікті тұрғындардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру.

Компанияның қатысуымен аймақтарда жергілікті және республикалық көлемдегі спартакиада, шығармашылық жарыстар, мерекелік концерттер, корпоративтік іс-шаралар, сайыстар, КТК ойындары, әртүрлі спорттық-сауықтыру және мәдени-ойын-сауық іс-шаралары жиі өткізіліп тұрады.

30 әлеуметтік нысан (стадиондар, мәдени-ойын-сауық орталықтары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, демалыс базалары мен балалар лагері, мәдениет және оқушылар сарайы және т.б.) қызметкерлер мен аймақ тұрғындарының игілігіне қызмет етеді, олар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қаражатына салынған және жөнделген.

Пікір қалдыру