Басқарма төрағасы қатысуымен
Видео конференц-қоңырау өткізу туралы еске салу (2021 жылғы 12 қараша)

11 қараша 2021
Басқарма төрағасы қатысуымен<br>Видео конференц-қоңырау өткізу туралы еске салу (2021 жылғы 12 қараша)

Қазатомөнеркәсіп Басқарма төрағасы Мәжит Бейсенбайұлы Шәріпов пен Өндіріс жөніндегі жаңа бас директор Бөлекбай Аслан Берікұлын инвестициялық қоғамдастыққа таныстыру мақсатында видео конференц-қоңырау өткізуді жоспарлаған. Қоңырау орыс және ағылшын тілдеріне аударыла отырып, вебинар өткізуге арналған ZOOM платформасында онлайн форматта жүргізіледі.

Басталуы Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 17:00-де / сағат 11:00-де GMT уақыты бойынша/ сағат 06:00-де EST уақыты бойынша. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын және орыс тілдерінде «сұрақ-жауап» сессиясы өтеді.

Осы қоңырау Басқарма төрағасы мен Өндіріс жөніндегі бас директорды таныстыру мақсатында өткізілетінін және Компанияның стратегиясына шолу жасалып, өндірістік мәселелер талқыланатынын ескеруді сұраймыз. Қазатомөнеркәсіп жылдық және жарты жылдық негізінде қаржы нәтежелерін ұсынып, талқылайды, ал осы қоңырау тоқсандық қаржылық нәтижелерді шолуды және талқылауды қамтымайды.

Мүдделі тұлғалар келесі сілтеме арқылы алдын ала тіркелуге шақырылады (бұрын берілген сілтеме осы тіркеу бетіне  бағыттайды):

Тіркелгеннен кейін сізге вебинарға қатысу үшін толық ақпаратты қамтитын растау электрондық хаты жіберіледі.

Конференц-қоңырау көрсетілімінің жазып алынған нұсқасы ол аяқталғаннан кейін көп ұзамай www.kazatomprom.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Пікір қалдыру