Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

27 мамыр
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2022 жылғы 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша 09 сағат 30 минутта (GMT+6) жүргізілген акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АЖЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір түйінді мәселе бойынша сырттай дауыс беру нәтижелерін жариялады (GMT + 6).

АЖЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 құрады. 2022 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша акционерлердің тізіміне, сондай-ақ акционерлердің иелігіндегі акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны 219 326 469  дана. АЖЖЖ-ға акционерлер мен олардың Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының  99,26%-ын құрайтын 217 699 996 жай акцияны иеленетін уәкілетті өкілдері дауыс берді.

АЖЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген барлық негізгі мәселелер бойынша акционерлердің дауыс беруі өткізіліп, шешімдер қабылданды.

Шешімдер

Иә

%

Қарсы

%

Қалыс қалды

%

1. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.

217 699 996

100%

0

-

0

-

2. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылғы жылдық (жеке және шоғырландырылған) қаржылық есептілігін бекіту туралы.

217 577 343

99,94%

122, 653

0,06%

0

-

3. 2021 жылғы шоғырландырылған таза кірісті және өткен жылдардағы шоғырландырылған бөлінбеген пайданың бір бөлігін бөлу тәртібін бекіту туралы, 2021 жылдың қорытындылары бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешім қабылдау.

217 699 996

100%

0

-

0

-

4. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат.

217 699 996

100%

0

-

0

-

5. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

217 577 343

99,94%

0

-

122 653

0,06%

6. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің шекті және нысаналы мәндерін белгілеу туралы.

197,404,922

90,68%

16 597 857

7,62%

3 697 217

1,70%

7. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені бекіту туралы.

197 045 843

90,51%

16 956 936

7,79%

3 697217

1,70%

8. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.

197 102 435

90,54%

16 900 344

7,76%

3 697 217

1,70%

9. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

216 418 679

99,41%

1 281 317

0,59%

0

-

2021 жылға дивидендтер төлеу туралы

Акционерлер Компанияның дивидендтік саясатын басшылыққа ала отырып, 2021 жылғы аудиттелген қаржылық көрсеткіштер негізінде 2021 жылға  төленетін 876,74 теңге (сегіз жүз жетпіс алты теңге 74 тиын) сомасында бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін (бір ҒДҚ бір жай акцияға тең) бекітті. Осылайша, төлемдердің жалпы сомасы шамамен 227,4 миллиард теңгені құрайды, бұл Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес еркін ақша ағынының 75%-ын құрайды, оған сәйкес еркін ақша ағынының есебіне Компанияның «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі үлесінің 49%-ын 2021 жылы China General Nuclear Power Corporation пайдасына сатудан түсетін түсімдер (біржолғы әсер) кіреді.

2021 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтерді төлеу 2022 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша акционерлер тізілімінде тіркелген адамдарға 2022 жылғы 15 шілдеден жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минутте (GMT+6) басталады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені бекіту туралы

АЖЖЖ шешімімен жаңа құжат – Компанияның барлық акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін тиісінше қорғауды қамтамасыз етуді күшейтуге арналған Компания акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілді. Ереже Компания акционерлерінің қызмет тәртібін, мәртебесін, құзыретін, сондай-ақ жалпы жиналысының отырыстарын шақыру мен өткізу тәртібін айқындайды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Корпоративтік басқару үдерістерін одан әрі жетілдіру және Компанияның Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында акционерлер Компанияның Директорлар кеңесінің құрамында Аға тәуелсіз директор лауазымын бекітетін Компанияның Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістерді бекітті.

Аға тәуелсіз директор акционерлер, Басқарма, Директорлар кеңесінің төрағасы және басқа директорлар арасындағы ықтимал келіспеушіліктерді шешуде медиатор ретінде әрекет етеді, сондай-ақ Директорлар кеңесі туралы ережеге енгізілген өзгерістерге сәйкес басқа да функцияларды орындайды. 

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы

АЖЖЖ шешімімен шешімімен Болат Ақшолақов пен Әсем Мамутованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің мүшесі – Компанияның мажоритарлық акционері – «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде Ернат Бердіғұлов сайланды. Директорлар кеңесінің ағымдағы құрамы 7 (жеті) адам көлемінде айқындалды.

Бердіғұлов мырзаның «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, орнықты даму және цифрлық трансформация жөніндегі бірлескен басқарушы директоры және Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясының жобалар жетекшісі болып жұмыс істеді. 2022 жылғы ақпаннан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістерге байланысты 2022 жылғы 27 мамырдағы Директорлар кеңесінің отырысында Директорлар Кеңесі жанындағы комитеттердің жаңартылған құрамы айқындалды.

Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің толық өмірбаяндары Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: www.kazatomprom.kz

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Майра Тнымбергенова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenova@kazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаменті директорының м.а.

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24%-ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру