Қазатомөнеркәсіп тұрақты даму туралы есептілік рейтингінде 2-орын алды

27 желтоқсан 2021
Қазатомөнеркәсіп тұрақты даму туралы есептілік рейтингінде 2-орын алды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») ESG қағидаттарын сақтау туралы жария етілетін ақпараттың толықтығы мен сапасы бойынша үздік 10 қазақстандық компания арасында көшбасшылар үштігіне ілікті.

Тәуелсіз зерттеуді ұйымдастырушы «PwC Қазақстан» компаниясы онлайн-конференция аясында ESG-ақпаратты ашу саласындағы жетістіктері үшін атом холдингін 2-орын дипломымен марапаттады.

Рейтинг шеңберінде қазақстандық компаниялардың жылдық есептерде және 2020 жылғы Тұрақты даму туралы есептерде қаржылық емес есептіліктің заманауи халықаралық стандарттарына қарсы ESG-ақпаратын ашуы бағаланды. Әлеуетті стейкхолдерлер үшін ақпараттың толықтығы, қолжетімділігі мен анықтығы басты назарда болды. Өлшемдер компанияның бизнес-моделі, корпоративтік басқару жүйесі, тұрақты дамуды басқару, қызметінің әлеуметтік және экологиялық аспектілері туралы ақпаратты ашуды бағалауды қамтыды.

Тұрақты даму мәселелері 2018 жылы бағалы қағаздарды бастапқы жария орналастырудан (IPO) бұрын басымдыққа ие болып, ондаған жылдан астам уақыт бойы Компания есептілігінің құрамына енгізілді. Қазатомөнеркәсіптің біріктірілген жылдық есебінде көптеген жылдар бойы тұрақтылықтың, корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің, денсаулық пен қауіпсіздікті қорғаудың, сондай-ақ Компанияның корпоративтік басқару нәтижелерінің негізгі аспектілері қорытылып, қазіргі кезде ESG негізіне кіретін белсенді және ашық тәсілдеменің өсіп келе жатқанын көрсетті. 2019 жылы Компания есептілікке орнықты дамуды басқару тәсілдері және Компанияның БҰҰ-ның Орнықты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі туралы ақпаратты енгізе бастады. ESG ақпараты 2020 жылға арналған біріктірілген жылдық есепте ең жақсы әлемдік тәжірибелерге сәйкес тәуелсіз куәландырудан өтті.

Қазатомөнеркәсіп әлемдік ірі уран өндіруші ретінде өзінің қоғам дамуындағы рөлін сезінеді және қоршаған ортаға, халыққа және өзі қатысатын өңірлердегі тыныс-тіршілікке тигізетін елеулі әсерін түсінеді. Сондықтан орнықты даму Қазатомөнеркәсіптің Даму стратегиясының қағидатты құрамдас бөлігіне айналған.

Компанияның орнықты даму саласындағы бастамалары кәсіпорындардың қоршаған ортаға өнеркәсіптік әсерін біртіндеп төмендетуге, қоршаған ортаны қорғауға, жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, энергия және ресурс тиімділігін арттыруға, өзі орналасқан өңірлердің әлеуметтік - экономикалық әл-ауқатының өсуіне қатысуға, энергияның арзан, сенімді, тұрақты және қазіргі заманғы көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесуге және энергия қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Қазатомөнеркәсіп үшін орнықты даму тәжірибесін дамыту және жетілдіру Компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ елдің, қоғамның және уран саласының орнықты дамуына оң үлес қоса отырып, оның барлық мүдделі тараптар үшін қосымша құндылық жасау қабілетін қамтамасыз етудің үстем факторы болып табылады.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

 

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру