Қазатомөнеркәсіп физикалық уран қорына инвестиция салу келісіміне қол қойды

23 қараша 2021
Қазатомөнеркәсіп физикалық уран қорына инвестиция салу келісіміне қол қойды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Компанияның «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңында тіркелген «ANU Energy OEIC Ltd» табиғи уран қорына («ANU Energy» немесе «Қор») инвестиция салу үшін Genchi Global Limited компаниясымен ресми түрде негіздемелік келісімге қол қойды. Осы сәттен Қор өз жұмысын бастайды.

Қол қою рәсіміне Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов пен Genchi Global Limited компаниясының директоры Әли Ашраф қатысты. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және «ҚР ҰБ Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Тәжияқов қатысты.

Негіздемелік келісім Қазатомөнеркәсіптің инвестициялау шарттарын және негізгі жеткізуші ретінде Қазатомөнеркәсіптен Қорға уран өнімін жеткізу тетіктерін айқындайды. Сондай-ақ, құжат сақтау мерзімі мен баға шегіне қатысты бірқатар қорғау тетіктерін көздейді, оларға қол жеткізген кезде Қор уранның белгілі бір көлемін нарыққа өткізуге құқылы. Бұл ретте Қазатомөнеркәсіп Қор өткізетін уранды кері сатып алудың басым құқығына ие.  Бұл шарттар негіздемелік келісімде нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың болашақ теңгерімін сақтау мақсатында ғана көзделген.

«Уран қорын құру бірнеше жылдан бері пысықталып келеді, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов. – Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2022-2031 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы және барлық стейкхолдерлер үшін ұзақ мерзімді нарықтық құнды құруға бағдарланған Қазатомөнеркәсіп стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба бойынша жұмыс істегендердің барлығына алғысымды білдіремін және оның Қазақстанда және одан тыс жерлерде уран саласын дамыту үшін жаңа перспективалар ашатынына сенімдімін».

ANU Energy – әсіресе экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару (ESG), сондай-ақ таза энергия мәселелеріне бағытталған, дамушы нарықтарды қаржыландыратын шикізат және егемен қорларға, мемлекеттік кәсіпорындарға, инвесторлардың әртүрлі санаттарына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік беретін уран қоры.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қордың мақсаты – физикалық уранды ұзақ мерзімді инвестициялар ретінде сақтау, ал оны бастапқы сатып алу Қор құрылтайшыларының 50 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі бірлескен инвестициялары есебінен жүзеге асырылатын болады. Қордың құрылтайшылары – 48,5% үлесімен Қазатомөнеркәсіп, 48,5% – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ және 3% – Genchi Global Limited компаниясы.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру