Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы жаңартылған ақпаратты ұсынады

13 қаңтар
Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы жаңартылған ақпаратты ұсынады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Қазақстанда болған таяудағы тәртіпсіздіктерден кейін өз қызметінің жай-күйі туралы төмендегідей жаңартылған ақпаратты ұсынады.

«Бүгінде, қайғылы оқиғалардан кейін, еліміз қиын кезеңді бастан кешуде. Мемлекетіміздің, бизнес пен азаматтардың ортақ күш-жігерінің арқасында барлық зардап шеккен инфрақұрылым мен нысандар жақын арада қалпына келтірілетініне сенімдімін. Компания Қазатомөнеркәсіп жұмыс істейтін өңірлерде зардап шеккен инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруге белсенді қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Біз осы мазасыз кезеңде біздің стейкхолдерлердің қолдауын шын жүректен бағалаймыз. Біз тиісті тәуекелдерді бақылау және азайту жөніндегі күш-жігеріміз Компанияның қызметіне айтарлықтай әсер етудің алдын алған адал жұмысшыларымызға ерекше ризамыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар мен бизнес қауымдастықты мемлекет өзіне алған міндеттемелерді орындайтынына, отандық және шетелдік инвесторлардың сенімін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынына сендірді. Бұл сенімнің әлемдік атом саласы үшін маңызды мәні бар, өйткені Қазатомөнеркәсіптің уран активтерінің көпшілігі атом саласының ірі халықаралық ойыншыларымен әріптестікте әзірленеді. Қазатомөнеркәсіп әрқашан клиенттердің үміттеріне сай бола алды және біз геосаяси тұрғыдан тәуекелдің неғұрлым жоғары деңгейімен қабылданатын юрисдикцияда жұмыс істейтінімізге қарамастан, уран өнімінің қауіпсіз және сенімді жеткізушісі мәртебесін тағы да растадық», - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов.

Жалпы алғанда, болып өткен оқиғалардың Компанияның бизнесіне әсері шамалы болды. Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындары Сovid-19 пандемиясы кезінде алынған сабақтар мен Компанияның дер кезінде енгізген шараларының арқасында үзіліссіз жұмыс істеді. Қазатомөнеркәсіптің тәуекелдерді басқару және қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлары өзінің сенімділігін дәлелдеді және Компанияның уран өндіру, жеткізу немесе сату жөніндегі жоспарларындағы кідірістер мен іркілістердің алдын алуға көмектесті. 2022 жылғы 13 қаңтардағы жағдай бойынша:

  • Интернет-байланыс, телекоммуникация және қаржы қызметтері толығымен қалпына келтірілді. Қазақстан Президенті бүкіл елде жариялаған коменданттық сағат пен бұқаралық жиындарға тыйым салуды көздейтін төтенше жағдай қазіргі уақытта Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жойылды. 2022 жылғы 19 қаңтарға дейін оның сақталуы күтілетін Алматы қаласынан, Алматы және Жамбыл облыстарынан басқа, бүкіл ел бойынша террористік қауіптіліктің дағдарысты деңгейі режимі жойылды.
  • Ішкі істер органдары, қауіпсіздік күштері және Қазақстанның Қарулы күштері қатысқан ірі ауқымды терроризмге қарсы операция, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) тарапынан қолдау көрсету аяқталу сатысында тұр. ҰҚШҰ күштерінің шығарылуы басталды және ол келесі аптада аяқталады деп күтілуде. ҰҚШҰ күштері Қазатомөнеркәсіптің инфрақұрылымына немесе өндірістік объектілеріне тікелей жақын орналасқан жоқ.
  • Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 5 қаңтарда отставкаға кетті. Жаңа үкіметтің құрамы бекітіліп, 2022 жылғы 11 қаңтарда жұмыс істей бастады, Әлихан Смайылов мырза Қазақстанның жаңа Премьер-министрі болды. Мажоритарлық акционер Самұрық-Қазынаның өкілі, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің мүшесі Болат Ақшолақов мырза жаңа Үкімет құрамында энергетика министрі болып тағайындалды және Компанияның директорлар кеңесінен кетеді.
  • Соңғы оқиғалармен байланысты жеткізу тізбегіндегі іркілістердің туындау тәуекелдері іске асырылмағанына қарамастан, пандемияға байланысты кейбір негізгі компоненттердің жеткізу тізбегіндегі қиындықтар сақталып отыр және 2022 жылы Компанияның өндірісіне де, шығындарына да әсер етуі мүмкін. Бұдан әрі жаңартулар Компанияның 2021 жылғы қаржылық нәтижелерін шығару шеңберінде 2022 жылғы наурызда ұсынылатын болады.
  • Бүкіл елде Сovid-19 «омикрон» штаммының таралу жағдайы өсуде. Компания вирустың таралуын азайту мақсатында қолданыстағы хаттамаларды күшейтті, кеніштерге кіретін Компания және оның мердігер ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті ПТР тестілеуін енгізді. Өндірістік кәсіпорындардың әкімшілік қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылды.

Қазатомөнеркәсіптің негізгі басымдығы бұрынғысынша кәсіпорындар қызметінің үздіксіздігін, қызметкерлер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта жалғасып жатқан жағдайды бағалау шаралары мен қайғылы оқиғаларды тудырған себептерді анықтау үшін мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан тергеулерге байланысты Компания қандай да бір әлеуметтік мән-жайлардың немесе олармен байланысты геосаяси салдардың ықтимал әсері туралы болжам жасамайды және оған түсініктеме бермейді.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру