Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің құрамы өзгергенін хабарлайды

6 желтоқсан 2019
Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің құрамы өзгергенін хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2015 жылдан бастап тәуелсіз мүше, ал 2018 жылғы тамыздан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы («Кеңес») болған Джон Дудастың өз қызметінен кететінін хабарлайды. Дудас мырзаға Қазатомөнеркәсіптің мажоритарлық акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Директорлар кеңесінен қызмет ұсынылды. Бұл ұсынысты қабылдауына байланысты ол 2019 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінен кетеді.

Қазатомөнеркәсіптің Кеңесі мен басшылығы Дудас мырзаға оның компанияға шынайы берілгендігі, көшбасшылық танытқаны, сондай-ақ Қазатомөнеркәсіптің дамуына қосқан соңғы төрт жылдағы елеулі үлесі үшін алғыс білдіреді. Компания сондай-ақ Дудас мырзаны құттықтап, оған «Самұрық-Қазына» АҚ-дағы жаңа орнында одан әрі табыстар тілейді, онда ол барлық мүдделі тараптар үшін құндылықтар құруда өз тәжірибесін одан әрі қолдана алады, және бұл тұтастай алғанда Қазақстанға пайда әкеледі.

«Қазатомөнеркәсіпте жұмыс істеген уақытымда мен өз үлесімді қосып, елеулі корпоративтік табысқа куә болдым, - деді Дудас мырза. - Мен Компанияның жетістіктерімен мақтанамын және әріптестерімнің, Басқарма мүшелерінің, сондай-ақ Компания қызметкерлерінің өз ісіне берілгендігінен әсер алдым. Атом саласының көшбасшысы ретінде Қазатомөнеркәсіп тұрақты құнды жасауға бейілділікті сақтай отырып, күрделі нарықтық жағдайларды бастан кешірді, бұл ретте бірінші кезекте қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ ашық корпоративтік басқару – капиталдың жаһандық нарығының қатысушысы саналатын кез келген халықаралық компания үшін барлық маңызды компоненттер бірінші кезекте басымдық болып қалды.

Компаниядан кету қиын болғанына қарамастан, мен өз борышымды орындаған сезіммен кетіп барамын, ал «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесіне тағайындалуымның арқасында мен Қазатомөнеркәсіптің қызметінен хабардар болып отырамын. Мен Компанияның Кеңесі мен басшылар командасы Қазатомөнеркәсіптің өркендеуін жалғастыруы үшін қамқорлық жасайтынына сенімдімін».

Қазатомөнеркәсіптің Жарғысына сәйкес акционерлер жыл сайынғы жалпы жиналыста Кеңестің жаңа төрағасын сайлағанға дейін Кеңес мүшелері Кеңестің келесі кезекті отырысының басында Төрағаны сайлайды. Директорлар кеңесі Нил Лонгфеллоу мырзаны акционерлер Қазатомөнеркәсіптің келесі жылдық жалпы жиналысында Компания Кеңесінің төрағасын сайлағанға дейін Кеңестің уақытша төрағасы етіп сайлау туралы бірауыздан шешім қабылдады. Сол кезде Кеңес акционерлерге Кеңес төрағалығына Нил Лонгфеллоуды сайлауды ұсынады.

Қазіргі уақытта Кеңестің қосымша тәуелсіз, атқарушы емес мүшелерін анықтаудың халықаралық процесі жүргізілуде. Директорлар кеңесі 2020 жылғы мамырда Компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында іріктелген кандидаттардан Директорлар кеңесінің қосымша мүшелерін ұсынады.

Лонгфеллоу мырза Біріккен Корольдіктің азаматы, 2017 жылы ол тәуелсіз мүше ретінде Компанияның Кеңесі құрамына кірді. Ядролық институттың мүшесі мен дипломды инженері бола отырып, ол Кеңестің төрағасы лауазымында ядролық энергетика саласындағы зор тәжірибе және білімімен бөліседі. Оның тәжірибесі бұрын Westinghouse Electric компаниясына қарасты British Nuclear Fuels Limited, Springfields Fuels Limited-тің Селлафилдегі өңдеу зауытында, сондай-ақ Costain PLC-дегі ядролық және мұнай-газ салаларында атқарған түрлі позицияларды қамтиды. Қазіргі уақытта Лонгфеллоу мырза Қазатомөнеркәсіп Кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің әрқайсысы сияқты Директорлар кеңесінің барлық комитеттерінің құрамына кіреді және өндіріс қауіпсіздігі комитетінің (HSE) төрағасы болып табылады.

«Мен тағайындау және Кеңес төрағасы қызметінде Джонды ауыстыру мүмкіндігі үшін ризамын, - деді Лонгфеллоу мырза. - Жекешелендірудің негізгі міндеті орындалғандықтан, мен осы табысты бекіту және Компанияның мүдделі тараптары үшін ұзақ мерзімді құнды жасауға назар аударуды жалғастыру үшін Директорлар кеңесімен және Қазатомөнеркәсіптің басшылығымен ынтымақтастықтан үміттенемін».

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

 

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatomprom@powerscourt-group.com

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізінде табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындарда жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануына басымдық назар бөлінеді.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде, топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар болып табылса, топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру