Қазатомөнеркәсіп физикалық уран қорына инвестиция салу туралы хабарлайды

18 қазан
Қазатомөнеркәсіп физикалық уран қорына инвестиция салу туралы хабарлайды

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі - «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Директорлар кеңесі «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында орналастырылатын «ANU Energy OEIC Ltd.» (бұдан әрі – «ANU Energy» немесе «Қор») табиғи уран қорына қатысатыны туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Қордың мақсаты – уранды ұзақ мерзімді инвестиция ретінде сақтау, ал бастапқы сатып алу Қор құрылтайшыларының 50 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі бірлескен инвестициялары есебінен жүзеге асырылады. Қордың инвесторлары: Қазатомөнеркәсіп – 48,5%, «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - ҰИК) – 48,5% және 3%-ды иеленетін Genchi Global Limited («Қор менеджері»).

Қордың операциялық қызметі басталғаннан кейін оны дамытудың екінші кезеңі шеңберінде уранның қосымша көлемін сатып алу мақсатында жария немесе жеке орналастыру арқылы 500 миллион АҚШ долларына дейінгі мөлшерде институционалдық және/немесе жеке инвесторлардан қосымша инвестициялар тарту көзделеді, бұл ретте орналастыру параметрлері мен мерзімдері нарықтық шарттармен айқындалатын болады.

«Қор Қазатомөнеркәсіптің уран нарығындағы тәжірибесін және ҰИК-тің сенімді инвестициялық тарихын біріктіріп, АХҚО құралдарының арқасында инвесторларға уран нарығы мен атом өнеркәсібінің тартымды ұзақ мерзімді іргелі мүмкіндіктеріне тікелей қол жеткізуге жол ашады, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов. – Компания барлық мүдделі тараптар үшін ұзақ мерзімді нарықтық құндылықты құруға бағытталған өзінің кеңейтілген стратегиясы шеңберінде ANU Energy жобасы бойынша төрт жылдай жұмыс істеген болатын, ал Қорды құрудың уран нарығында қысқарып бара жатқан ұсыныс жағдайында жүзеге асырылуы барлық стейкхолдерлерге елеулі пайда әкеледі».

Таза энергия көздеріне, оның ішінде төмен көміртекті және минималды климаттық әсер артықшылықтарына ие атом энергетикасына жаһандық қарқынды назар аударылуы уран өнеркәсібі үшін сенімді инвестициялық тезис болып табылады. Алайда, соңғы уақытта бірқатар халықаралық және аймақтық инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуына қарамастан, табиғи уранға қол жеткізу екі уран қорымен шектелген болатын, олардың бірі Канададағы Торонто Қор Биржасында, ал екіншісі Лондондағы AIM Exchange (Лондон қор биржасының бөлігі) қор биржасында. АХҚО алаңында құрылған ANU Energy қоры дамушы нарықтарға инвестицияларын бағыттайтын, әсіресе экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару (ESG) мәселеріне және таза энергияға назар аударатын инвесторлардың әртүрлі санаттарына, сондай-ақ шикізат қорларына, тәуелсіз қорларға және мемлекеттік кәсіпорындарға ықтимал тікелей қолжетімділікті қамтамасыз ететін алғашқы уран қорына айналады.

Anu Energy – тәуелсіз компания, ал Қордың білікті Директорлар кеңесі уран қорларын жауапты басқаруды жүзеге асыру мақсатында корпоративтік басқаруды қамтамасыз ететін болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ туралы

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ (ҚҰБ ҰИК), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инвестициялық компаниясы, халықаралық деңгейдегі институционалдық инвестор болып табылады. ҚҰБ ҰИК 2012 жылдан бастап Қазақстанның егемендік активтерді басқарады. ҚҰБ ҰИК халықаралық резервтерді әртараптандыру және тәуекел деңгейі төмен сенімді капиталдың табыстылығын жоғарылату мақсатында ұзақ мерзімді инвестициялық стратегияны ұстанады. ҚҰБ ҰИК-нің негізгі қызметі - активтердің баламалы сыныптарына белсенді инвестициялар: жеке капиталға, жылжымайтын мүлікке, инфрақұрылым мен хедж-қорларға, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің атынан стратегиялық инвестицияларды жүзеге асырады.

Қосымша ақпарат алу үшін NIK NBK интернет -ресурсына кіріңіз: https://www.nicnbk.kz

Genchi Global Limited туралы

Genchi Global Limited - Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) орналасқан инвестициялық компания, ол БАӘ, Үндістан мен Сингапурде инженерлік-конструкторлық, тауарлық сауданы, органикалық өсімдіктер мен жылжымайтын мүлік компанияларына операциялық бақылау жасау арқылы бүкіл әлем бойынша инвестициялауды жүзеге асырып, құндылық құрады.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.

Пікір қалдыру