«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2022 жылдың 1-тоқсандағы қаржылық нәтижелері

30 мамыр
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2022 жылдың 1-тоқсандағы қаржылық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) 2022 жылғы 31 наурызда аяқталған 3 ай үшін аудитордың шолу тексерісімен Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған аудиттелмеген қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады, онымен Компанияның корпоративтік сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: www.kazatomprom.kz

Үш және тоғыз ай үшін аралық қаржылық есептілікті жариялау Лондон қор биржасының (LSE) немесе Astana International Exchange (AIX) биржасының Қазатомөнеркәсіпке қолданылатын листингтік талабына жатпайды, алайда Компания қаржылық есептілікті Қазақстан заңнамасының реттеушілік талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) листинг жасалатын облигациялар және ағымдағы кредиттік келісімдер (ковенанттар) бойынша белгілі бір міндеттемелерді орындау үшін тоқсан сайын жариялауы қажет. Жергілікті реттеуші органдарға қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін мұндай есептілік жария болады, сондықтан бұл Компанияның мерзімді ашылуының бір бөлігі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындау Қаржылық жай-күйі мен аралық қызмет нәтижелерін талдауды (OFR) дайындауды талап етпейді.

Инвестициялық қоғамдастыққа ресми мерзімді жария ету шеңберінде 2022 жылы Қазатомөнеркәсіп мыналарды жоспарлап отыр:

  • өндіріс және сату бойынша жылдық болжамды көрсеткіштер ашылатын және/немесе жаңартылатын есепті кезең аяқталғаннан кейін шамамен бір ай өткен соң мүдделі тараптарға қызметтің тоқсан сайынғы операциялық нәтижелерін ұсынуды;
  • жылына екі рет қаржылық нәтижелерді AIX және LSE биржасының реттеушілік талаптарында айқындалған мерзімдерге сәйкес қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелерін (OFR) талдай отырып, жылдық аудиттелген және жарты жылдық аудиттелмеген қаржылық есептілік түрінде ұсынуды.

Компания 2022 жылдың 1 тамызында 2022 жылдың 2 тоқсанының операциялық нәтижелерін, сонымен қатар 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша бірінші жартыжылдықтағы қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілік пен аудиторлық шолуды және Қаржылық жай-күйі мен қызмет нәтижелеріне (OFR) тиісті талдауды Лондон қор биржасында (LSE) сауда-саттық ашылғанға дейін 2022 жылғы 19 тамызда жариялауды жоспарлап отыр.

Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесі мен Басқарма

Бұрын хабарлағандай, акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен Компанияның Директорлар кеңесі туралы ережеге "аға тәуелсіз директор" лауазымын Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына енгізуді белгілейтін өзгерістер бекітілді. Аға тәуелсіз директор лауазымының енгізілуіне байланысты 2018 жылдан бері Казатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болған Рассел Бэнхам компанияның аға тәуелсіз директоры болып сайланды.

Компанияның Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 27 мамырдағы отырысында Муқанов мырзаны 1 маусымнан бастап Қазатомөнеркәсіп Басқармасының құрамына енгізу туралы шешім қадылданды. Басқарманың қазіргі құрамы сегіз мүшеден тұрады, ал олардың өкілеттік мерзімі 2024 жылы 24 сәуірде аяқталады:

  • Мәжит Шәріпов, Басқарма төрағасы;
  • Камила Сыздықова, Экономика және қаржы жөніндегі бас директор;
  • Асқар Батырбаев, Коммерция жөніндегі бас директор;
  • Ержан Мұқанов, Өндіріс жөніндегі бас директор;
  • Әлібек Алдоңғаров, HR және трансформация жөніндегі бас директор;
  • Досболат Сарымсақов, ЯОЦ жөніндегі бас директор;
  • Ерлан Төлеуғожин, Стратегия және даму жөніндегі бас директор;
  • Марат Елемесов, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – (қазіргі уақытта оқу демалысында);

Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамның толық өмірбаяны Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында қолжетімді: www.kazatomprom.kz.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Ботагөз Молдағалиева, IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: ir@kazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pr@kazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады

Толық ақпарат біздің сайтымызда: www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.

Пікір қалдыру