«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев UxC басылымының сұрақтарына жауап берді

17 қаңтар
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев UxC басылымының сұрақтарына жауап берді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев UxC мамандандырылған беделді басылымының сұрақтарына жауап берді.

Асқар Батырбаев қаңтар айындағы оқиғалардан кейінгі Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы ақпарат берді. Спикер елдегі жаппай тәртіпсіздіктерден туындаған дағдарысқа атом холдингінің реакциясы және ТЖ режимін енгізу кезеңінде қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша Компания қабылдаған шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді: Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындары штаттық режимде және үзіліссіз жұмыс істеді, объектілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, Компанияның уран өндіру, жеткізу немесе сату жөніндегі жоспарлары орындалды. Сондай-ақ, мақалада Асқар Батырбаев Қазақстандағы жағдайдың әлемдік уран нарығына әсері туралы өз көзқарасын ұсынды.

«Біз Қазатомөнеркәсіпте уран саласы өзінің ұзаққа созылған тоқырауынан шығу шамасына қарай уранды тұтыну өсетінін күтіп қана қоймай, оның сөзсіз болатынына әрқашан сендік. Біз қандай да бір қиындықтарға қарамастан өз міндеттемелерін орындау бойынша беделі белгіленген және мінсіз қызметтік тізімі бар басқа өндірушілердің есебінен емес, өз қатарымызға қосылар индустрияның жаңа қатысушыларын және олардың жобаларын ғана қолдаймыз. Әлемдік уран нарығы өрлеу үстінде және Қазатомөнеркәсіп өзінің клиенттері мен серіктестері үшін көрсететін сенімділік деңгейін сақтаған жағдайда әркім өз тауашасын иелене алады.

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап елеулі сын-тегеуріндер мен қиыншылықтарға тап болды, бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, сала қажеттіліктері үшін уран өнімін сенімді жеткізуші болып қала берді. Соңғы қайғылы оқиғалардың біздің операциялық қызметімізге барынша аз әсер етуі Қазатомөнеркәсіптің уран саласындағы негізгі және бірінші кезектегі серіктес ретінде өз міндеттемелерін орындауға бейілділігінің дәлелі болып табылады», - деп атап өтті жариялау үшін берілген жауаптарға қосымша, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев.

Pdf форматындағы мақаланың толық нұсқасын Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша оқуға болады: www.kazatomprom.kz

Пікір қалдыру