Басқару тәсілі
Қазатомөнеркәсіптің тұрақты дамуды басқару тәсілі Компанияның стратегиялық даму басымдықтары мен қызметінің корпоративтік жауапкершілік және тұрақты даму, ұлттық және өңірлік даму саласындағы негіз қалаушы қағидаттармен үйлесімділікке негізделген және төмендегілерге бағытталған:
Тұрақты даму тәсілі Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік құндылықтарымен үйлеседі және тұрақты дамуды басқару практикасын дамыту және Компанияның тұрақтылығын арттыру үшін негіз болып табылады.
Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік құндылықтары
БҰҰ-ның ТДМ
Қазатомөнеркәсіп тұрақты болашақ негіздерін қалыптастырудағы жауапкершілікті сезінеді және Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық Тұрақты даму мақсаттарына (бұдан әрі – БҰҰ ТДМ) қол жеткізуге және тұрақты даму қағидаттарын кәсіпкерлік қызметке дәйекті енгізу арқылы БҰҰ-ның жаһандық келісімі қағидаларын іске асыруға үлес қосу үшін күш салады. БҰҰ-ның барлық 17 Тұрақты даму мақсатының маңыздылығын мойындай отырып, Қазатомөнеркәсіп өзінің күш-жігерін өз бизнесі мен уран өндіру саласының ерекшеліктеріне неғұрлым релевантты болып табылатын және оған қол жеткізуде Компания елеулі үлес қоса алатын алты мақсатқа жұмылдырды.
Тұрақты дамуды басқару практикасы
Тұрақты даму қағидаттарын интеграциялау және практикалық іске асыру мақсатында Компания тұрақты даму саласындағы үздік салалық практикаларды, соның ішінде Тау-кен ісі және металл жөніндегі халықаралық кеңестің (ICMM) және Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA) негізгі қағидаттарына сүйенуге және қызметіне енгізуге тырысады, сондай-ақ дүниежүзілік қоғамдастықпен серіктестікте өз құзыретін бірізді күшейтіп отырады.
Қазатомөнеркәсіп тұрақты дамудың әр түрлі аспектілерін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу, енгізу және жетілдіру, сондай-ақ өзінің корпоративтік басқару жүйесін тұрақты дамытудың қағидаттарын ықпалдастыру арқылы өз қызметі мен тұрақты дамуды басқарудың корпоративтік практикасын жетілдіруді жалғастырып келеді.
2020 жылы Компания тұрақты даму саласында өз Саясатын бекітті, онда өзінің мақсаты мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы қызметінің негіз қалаушы қағидаттары мен негізгі бағыттарын қалыптастырды.
Қазатомөнеркәсіп тұрақты даму тәуекелдерін тиімді басқару және одан әрі дамудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау, тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру, өсу мен инновациялық қызметті ынталандыру арқылы, сондай-ақ тұрақты дамудың келесі негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар әзірлеу және жүзеге асыру арқылы өзінің қызметіне тұрақты даму қағидаттарын енгізуге тырысады:
Қазатомөнеркәсіптен қандай ақпарат алғыңыз келетінін таңдаңыз
Жазылғаныңыз үшін рақмет
Пікір үшін рақмет